FIZMAT жыл сайын Қазақстанның барлық өңірінен үздік оқушыларды жинайды
РФММ-ге түсу
Мектеп пен қабылдауды таңдаңыз — мерзімдерді, сыныптарды және қажетті құжаттарды көрсетеміз.
1Қай мектепке түсесіз?
2Қандай қабылдау?
Қалай түсуге болады
-
1Онлайн тіркеу
Сауалнаманы толтырып, құжаттарды жүктеңіз. Өтініш нөмірі поштаға келеді.
-
2Құжаттарды тексеру
Комиссия құжаттарды тексереді. Қате болса — нені түзету керегін жазамыз.
-
3Шақыру
Негізгі емтиханға 3 күн қалғанда күні, уақыты және орны көрсетілген рұқсаттама келеді. Қосымша қабылдау мен әңгімелесу бойынша — толық ақпарат хатпен.
-
4Емтихан
Белгіленген уақытта келіңіз. Нәтижелер — жеке кабинетте және сайтта.
Жақын күндер
Жиі қойылатын сұрақтар
Өтініш жіберілген соң оның нөмірі экранда және тіркелу туралы хатта көрсетіледі. Нөмірді сақтап қойыңыз немесе скриншот жасаңыз. Жеке кабинетке кіру үшін өтініш нөмірі мен баланың ЖСН-і қажет. Нөмірді таба алмасаңыз, admissions@fizmat.kz поштасына баланың аты-жөнін және тіркелу кезінде көрсеткен электрондық пошта мекенжайын жазыңыз.
Өтініш мәртебесі жеке кабинетте көрсетіледі. Бір нәрсені түзету керек болса, поштаға нені түзету керегі жазылған сілтемесі бар хат келеді.
Негізгі емтиханға — емтиханға 3 күн қалғанда поштаға келеді. Қосымша қабылдау мен әңгімелесуге рұқсаттама берілмейді, толық ақпарат хатпен келеді.
«Спам» және «Промоакциялар» қалталарын тексеріңіз. Хат бәрібір жоқ болса, admissions@fizmat.kz поштасына баланың аты-жөнін және ЖСН-ін жазыңыз.
Нәтижелер жарияланғаннан кейін — жеке кабинетте және «Нәтижелер» бетінде өтініш нөмірі мен ЖСН бойынша.
Жауап таппадыңыз ба? admissions@fizmat.kz поштасына жазыңыз — өтініш нөмірі болса, көрсетіңіз.